Жазбада бейәдеп сөздер бар.
Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін қазақстандық продюсерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ratel.kz
6,614
оқылды

Instagram желісіндегі жазбасынан кейін танымал қазақстандық продюсер Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті ресми сайтында хабарлады.

Бұған дейін Дана Орманбаеваның Instagram желісіндегі Stories-терінің скриншоты Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды.

Жазбада бейәдеп сөздер бар.

Полицияның хабарлауынша, Алматы тұрғынынан блогер Дана Орманбаеваның үстінен арыз түскен. Тұрғын өз шағымында блогердің ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялағанын айтқан.

Қалалық Полиция департаменті факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.