Облыста су тасқынына қарсы бөгет тұрғызу жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақтөбе облысының 5 елді мекенін су басу қаупі төніп тұр
Фото: Almaty.tv
2,773
оқылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты бес елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Маманның айтуынша, Ырғыз ауданы бойынша 5 елді мекенді: Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерін су басу қаупі бар.

- Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды, Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда, – деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар облыстағы Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы 7 табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.