Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Атырауда 89 жастағы кейуана өз-өзіне қол жұмсады
Фото: polisia.kz
3,897
оқылды

Атырауда 89 жастағы қарт әжей дәрі-дәрмек жұтып, өз-өзіне қол жұмсаған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Привокзальный шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 89 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта қалалық Ішкі істер басқармасы суицидке итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.