Жастар арасында кеңінен танылған әншілер Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың қарым-қатынасы жайлы қауесеттер әлі де толастар емес.
"Нағыз ер мінезді жігіт": Сара Амангелді өзін Тұрарға қосатын көпшілікке жауап берді
4,384
оқылды

Жастар арасында кеңінен танылған әншілер Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың қарым-қатынасы жайлы қауесеттер әлі де толастар емес. Сара Амангелді соңғы берген сұхбатында екеуі қандай қарым-қатынаста екенін айтты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сара Амангелді өнердегі әріптесіне қолдау білдіріп, оның жеке концертінде бірге ән шырқаған. Ән кешінен кейін өнер иесі ашыла сұхбат беріп, Тұрарға қатысты өз ойын айтты. Ол өзін әнші жігітпен қосатындарға жауап берді.

"Тұрар негізі өте жақсы жігіт. Бұрын оны өзінше деп ойлайтынмын. Екеуміздің жасымыз бір, басымыз бос болғандықтан, қосып жатады. Екеуміздің арамызда тек шығармашылық, әріптес ретінде араласамыз. Біз кездесіп жатсақ та, мен оны айтпаймын. Ол құпия ғой. Анам да Тұрарға риза. Нағыз ер мінезді жігіт қой. Негізі мен шетелге кету керек болғанмын. Бірақ Тұрардың концерті үшін бәрін ысырып қойдым.",  – деді Сара Амангелді  Revue News  бағдарламасында.