Еліміз бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Жел күшейеді: ертеңге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,603
оқылды

Қазгидромет 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан,  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Еліміз бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда  солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.