Жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.
Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына қандай киіммен баратыны белгілі болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
1,283
оқылды

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда («Спорттық форма», «Салтанатты спорттық форма», «Ту ұстаушылардың спорттық формасы») жеңімпаздар белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады. 

Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшылар және БАҚ қызметкерлері болды.

Бұл құрамда Елдос Сметов, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсынов секілді спортшылар да бар.

Ұсынылған материалдарда қоғам тарапынан айтылған сындар да ескерілді.