Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақмола облысында тасқын кезінде эвакуацияланған 2 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды
547
оқылды

Ақмола облысында су тасқынына байланысты эвакуацияланған 2 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір өңірдегі бірнеше елді мекенде тасқын суға қарсы тұру және одан келетін шығынды азайту, сондай-ақ табиғат апатының салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазіргі уақытта облыс аумағында су тасқыны тұрақты-шиеленісті режимде өтіп жатыр. Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 44 мың метр топырақтан үйілген жасанды бөгеттер тұрғызылып, нығайтылды. Бұған қоса, 3 млн текше метрден астам су сорылды, инертті материал толтырылған 300 мыңнан астам қап төселді, 85 шақырымнан астам каналдар мен арықтар тазартылды және тереңдетілді, 1 443 су өткізу құрылыстары тазартылды»,  деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушыларға, полицейлерге және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне Малик Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары мен офицерлері, сондай-ақ волонтерлер мен тұрғындар белсенділік танытып, көмектесіп жатыр. 

«Су тасқыны басталғаннан бері өңірде барлығы 18 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл үй жануарларының жаппай қырылуын алдын алуға мүмкіндік берді. Бүгінде эвакуацияланған адамдардың 2 331-і өз үйлеріне оралды,  деп нақтылады ведомство өкілдері.