Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.
"Күн 32°C-қа дейін ысиды": 20-22 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
dsd3rmhotmx78.cloudfront.net
810
оқылды

 "Қазгидромет" РМК 20-22 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.

Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.