Кейбір блогерлердің пікірінше, қазақ қоғамында махаббатсыз үйленіп жатқан әйелдер көп екен.
Перизат Мырзахмет: «Махаббатсыз үйленіп, езіліп жатқан әйелдер бар»
739
оқылды

Бұл туралы танымал блогер, продюсер Перизат Мырзахмет «Оян қазақ» подкасында берген сұхбатында айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Ішінен езіліп жатқан әйел көп. Не күйеуіне махаббат жоқ, не істеп жүрген жұмысына махаббат жоқ, бала-шағасынан махаббат алайын десе, ол да мардымсыз, бірдеңе тартып жатыр, бірдеңе жетіспей жатыр. Себебі ішінде махаббат жоқ. Сол әйелдер көпке шыққан кезде өтірік айтады. Махаббат отбасы құрғаннан кейін болады, сүйіп кетесің дейді. Міне, мұны сондай әйелдер ұстайды. Соған жыным ұстайды. Іштеріңнен үгітіліп отырып, басқа қыздарды неге олай үгіттейсіңдер?», деді ол подкастта.