Тасқын су басқан ауыл­дарға «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы гуманитарлық көмек жеткізілу жұмысын қадағалауда. Жұмысты қоғамдық штабтар үйлестіріп отыр.
Қауіптің беті сейілді
437
оқылды

Ырғыз ауданындағы 4 эвакуа­циялық орталықтың 980 адамды қа­былдауға мүмкіндігі бар. Қазір мұнда Нұра, Мамыр, Белшер, Құйылыс ауылдарынан келген 588 адам тұрып жатыр. Эвакуациялан тұр­ғындардың барлығы да ыстық тамақ, төсек-орын, өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етілуде. Аудандық қоғамдық штаб мүше­лері тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға атсалысып отыр. 

«Эвакуациялық орталықтарға алғашқыда 919 адам қабылданған болатын. Қазір 331 адам туыста­ры­ның үйіне ауысты. Біз орта­лық­тағы адамдарға қолайлы жағ­­дай жасалуын бақылап отырмыз. Бүгін төсек-орын жабдық­тары мен өзге де қажетті заттарды қабылдап алдық», – деді партия­ның Ырғыз аудандық филиалы­ның атқарушы хатшысы, штаб мүшесі Абат Баймұханов. 

Ал Қобда ауданында тасқын су қаупі сейіліп, тұрғындар үйлеріне орала бастаған. Қазір 2 эвакуа­циялық орталықта тек 16 адам қалыпты. Сондықтан да партия­лықтар гуманитарлық көмекті зардап шеккен отбасыларға таратып беруді ұйғарған. 

«Қазір ауданымызда жағдай тұрақталды. Табиғи апаттың сал­да­рын жоюға байланысты жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Мате­риалдық залалды қалпына келтіру бойынша 253 адамнан өтініш қа­был­данды. Бағалаушы техниктер 112 үйге барды. Қазіргі жағ­дай бо­йынша 79 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Біз зардап шек­кен ауыл тұр­ғындарына қол­дау көрсетіп жатырмыз, – деді партияның Қобда аудандық филиалы атқарушы хатшысы, штаб мүшесі Елік Сәбитов.

Петропавлда ашылған орталық

Орталыққа келіп түскен кө­мекті бөлу процесін «Ойқала» шағынау­данының тұрғыны Наталья Хан өзі бақылауына алған. Айту керек, На­талья­ның үйі де «Ойқала» ша­ғынау­данында су астында қалып отыр. 

Ашылған орталық Қазбек Байболов атындағы мамандан­дырыл­ған балалар мен жасөс­пірім­дер спорт мектебінің базасында құ­рылды. Арнайы комиссия есептеліп сұрыптағаннан кейін гума­ни­тарлық көмек мұқтаж тұрғын­дар­ға жіберілетін болады. 

Осы күнге дейін облыс орта­лығында осыған ұқсас орталық тек «Радуга» ЖШС аумағында жұ­мыс істеген болатын. Сонымен қатар об­лыс аудандары мен орталық­та­рында да қосымша сұ­рыптау орын­дары ашылып жатыр. Бүгінде ай­маққа еліміздің әр өңірінен 400 тон­наға жуық гума­нитарлық келіп келіп түскен.

Берік БЕК