Биыл Астана медицина университеті Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтының ашылғанына 20 жыл толып отыр.
Отандық ғылымның көкжиегі кең
1,563
оқылды

Осыған орай оқу орнында «Қазақстанның уран және мұнай өндіретін өңірлеріндегі медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелері» атты X республикалық конференция өтті.

Конференцияда иондаушы сәу­леленудің шағын дозаларының ра­диобиологиялық әсерлері, ра­диоэ­кологиялық ахуал және қыз­меткерлерді радиациялық қауіп­тен қорғау, радиациялық қауіпті ны­сандардың аймағында тұратын халықтың денсаулығына қатысты өзек­ті мәселелер талқыланды.

Алқалы жиынға  ДСМ Сани­тар­лық-эпидемиологиялық бақы­лау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов қатысып, іргелі о­р­та­лықтың отандық ғылымды да­мы­ту­дағы маңыздылығын атап өтті.

«Радиобиология және ра­диа­циялық қорғау ғылыми-зерттеу инс­титуты ел Үкіметінің алдына қойыл­ған маңызды міндеттерді орын­дауға көмектесіп келеді. Айта­лық, институттың ғылымға қа­жетті кадрларды дайындауда сеп­тігі мол. Халықаралық қызмет ба­ғытында да елеулі жетістіктері бар. Мәселен, Атом энергиясы жө­­­­ніндегі халықаралық агенттігі мен Жапонияның және Ресейдің ғы­лыми-зерттеу институттарымен бірнеше келісім жасалды», – деді ведомство басшысы.

Аталған институт 2004 жылы Ра­диобиологиялық ғылыми-зерт­теу орталығының негізінде про­фес­сор Полат Қазымбетұлының бас­тамасымен құрылған. 2010 жы­лы Радиобиологиялық зерттеу­лер институты болып, ал 2014 жылы Радиобиология және радиа­ция­дан қорғау институты ретінде тран­сформациялаудан өтті.

Астана медицина универси­те­ті­нің басқарма төрағасы, ректор Ка­малжан Надыровтың айтуын­ша, бірегей орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруда қосқан үлесі зор. 

«Қазір бейбіт атомды ме­ди­цина мен өнеркәсіпте қолдануда экологиялық және адамның қауіп­сіздігін ескеру қажет. Бұл – бү­гін­гі күннің басты талабы. Осы ба­ғытта Астана медицина уни­вер­ситетінің Радиобиология және ра­диациялық қорғау ғылыми-зерт­теу институты нәтижелі жұ­мыс атқарып келеді. 20 жыл бұрын құ­рылған институт медицина ғы­­лымына үлес қосып, уни­вер­си­тет­тің құрамында жоғары білікті ма­мандарды дайындайтын елі­міз­дегі іргелі зерттеу орталықтардың біріне айналды. Бұл институтты ғы­лыми-әдістемелік координа­ция­лық орталық ретінде жоғары баға­лаймыз», – деді К. Талғатұлы.

Бұдан басқа, келелі жиында ион­даушы сәулеленудің төмен дең­гейінің биологиялық әсері, кә­сі­би сәулеленуге ұшыраған адам­­дардың және техногенді өз­гер­ген радиациялық фоны бар ау­мақ­тарда тұратын халықтың ден­саулық жағдайын бағалау, сон­дай-ақ уран және мұнай өндіретін өңірлердегі радон қауіпсіздігі мә­се­лелері пысықталып, мамандар қор­даланған проблемалардың түйі­нін тарқатудың амалдарын қарас­тырды.

Сымбат БЕГІМБАЕВА