Сарапшылар миллиардтаған Android смартфондарының осалдығын айтады
Сарапшылар миллиардтаған Android смартфондарының осалдығын айтады
© Сурет ғаламтордан
214
оқылды
Миллиардтан астам Android смартфондарының операциялық жүйесі хакер шабуылына осал болып шықты, деп хабарлайды Which?. Бұл ескі бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқалары туралы айтылған. Оған OS 6.0 және одан да бұрынғы нұсқалар жатады. Мысалы Marshmallow (2015), Lollipop (2014), KitKat (2013), Jellybean (2012), Ice Cream Sandwich (2011) немесе Gingerbread (2010). Мұндай құрылғылар Stagefright және Blue frog сияқты белгілі осалдықтарға, сондай-ақ "Джокер"деп аталатын вирустың шабуылдарына бейім. Сарапшылардың айтуынша, Android-тың 2016 жылдан кейінгі 7.0 Nougat нұсқасын пайдаланушыларға БҚ жаңарту керек. Егер мүмкін болмаса, тек құрылғыны ауыстыру арқылы қауіптен қорғана аласыз.