Түркістанда қазақ мәдениетіне ғашық венгер қызы бар. Бүгінде Қ. Ясауи университетінде білім алып жүрген бойжеткен біздің мәдениетімізге Венгрияда мектепте жүрген кезінен ғашық бол­ған екен.
Венгерлік ару қазақ мәдениетіне ғашық
887
оқылды

Сонда жүріп қазақстандық қобызшы Мақсат Медеубектен он­лайн сабақ алған. Қазақ музыка өнеріне деген махаббаты оны ақыры Қа­зақстанға жетелеп алып келіпті. 

Венгер  қызы Богларка Фе­хер алты жасынан вио­­лончельде ойнаған. Ол бірде Қа­зақстаннан келген «Тұран» эт­ног­рафиялық ансамблінің кон­­цертіне қатысып, қазақ мә­де­ние­тіне бар жан-тәнімен ға­шық бо­лады.  «Іс-шара түркі ха­­лық­тары­ның V үлкен құрыл­тайы ая­сында ұйымдастырылған. Құ­рыл­тай екі жылда бір рет Венг­­­рия­ның Бугац қалашы­ғы­ның (Bugac) жанындағы «Киш­кун­­шаг» ұлттық саябағында өтед­і жә­не әлемдегі халықтық дәс­түр­лер мен әдет-ғұрыптарды көр­­се­тетін ең үлкен форум­дар­дың бірі. Бұл іс-шара маған қа­зақтың ұлт­тық аспаптарымен шыр­­қал­ған әндерді тыңдаған­да­ғы әсе­рім­ді тілмен жеткізе ал­­­­май­­тын­дай керемет әсер сый­ла­ды. Эт­­­­­никалық мотивтегі кө­­мей­ден шыққан сырлы саздар мені өзіне ерік­сіз баурап алды. Концерттен әсер алғаным сон­ша, өмірім, көз­қарасым түбегей­лі өзгерді.  Бұл елге міндетті түр­­де баруым ке­рек деп шешім қабыл­дадым», – дейді Богларка. Ата-анасы перзентінің бұл ше­шімін қолдап, бетін қай­тармай­ды. Венгерлік ару Қазақстанға бару­ға, сонда білім алуға бір­тін­деп дайындала берді.  Венгрияда тұратын этникалық қазақ Оңай­ша Мандокиден  қазақ тілі са­бақ­тарын алды. 

Оңайша Мандоки шә­кір­тіне Түркістандағы ха­лық­аралық қазақ-түрік универ­си­тетіне шетелдіктердің грант­пен оқуға түсуге мүмкіндігі бар еке­нін  айтады. Осылайша, Боглар­ка өзінің көптен күткен арманы қа­зақ еліне келуіне жол ашы­лып, Қ. Ясауи университетіне оқу­ға түседі. Бастапқыда уни­вер­ситетте шетелдіктерге ар­налған дайындық курсын бітір­ді. Бір жыл бойы әртүрлі елдің  студенттерімен бірге қазақ тілін үйренеді. Одан кейін өзінің қа­лауы бойынша Богларка «Дәс­түрлі музыкалық өнер» ма­ман­дығы бойынша оқи бастады.

«Тілдерді үйрену маған өте оңай болды. Мені барлық жағы­нан қолдап, тілдік ортаны қам­та­масыз еткен достарыма рақ­мет. Жалпы, қазақ тілі күрделі деп санайтындарға олай емес екенін айтқым келеді. Абай шы­ғар­маларын түпнұсқада оқыға­ным­ды мақтан тұтамын, венгр және қазақ тілдерінде ұқсас сөз­дер көп. Мысалы, кез келген қа­зақ венгр тіліндегі «кош» (қош­қар), «сақал» (сақал), «аня» (ана), «алма» (алма), «керек» (маған керек), «кичи» (кішкен­тай), деген сөздерді түсінеді. Менің ойымша, адам неғұрлым көп тіл білсе, оның жаны соғұр­лым бай болады. Ежелгі Рим та­рих­шысы және жазушысы Квинт Энниус Тацит өзінің үш жү­регі, үш жаны бар екенін айт­ты, өйткені ол грек, оскс және ла­тын тілдерінде сөйлей алады. Шет тілдерін үйрену өзіңізге бір­неше жерде өмір сүруге, бір­не­ше жанға ие болуға және өз ойыңызды білдіруге көп мүм­кіндік беру. Жеке өзім мектептен бастап ағылшын және неміс тіл­дерін білемін, қазір орыс ті­лін үйреніп жатырмын», – деп өзі туралы сыр ақтарды Богларка Фехер. 

Қазақтың тілін ғана емес, дом­бырасы мен қобызын ұр­шықша иіретін  шетелдік ару  Венг­рияның Кешег ауылынан шық­қан. Биыл өзі қалаған ма­мандығы бойынша дипломын алатын бойжеткеннің арманы көп. Богларка Түркістан облы­сын­да түрлі концертте өнер көр­сететін Е. Кәумбаев бас­қара­тын «Сарқыт» ансамблінде ой­найды.  Кейіпкеріміз «Қобыз дыбыстары сиқырлы күшке  жә­не ерекше жұмсақ тембрге ие», – дейді. Богларканың өзінің тап­сырысы бойынша жасалған қо­бызы бар. Ол әйгілі ком­по­зи­торлардың шығармаларын орын­­дап қана қоймай, өзі де ән жазады. Орындайтын күйлерінің бірқатарының авторы өзі. Ол ке­лешекте өз елінің тұрғын­да­рын қазақ халық музыкасымен жә­не ұлттық мәдениетімен та­ныс­тырғысы келетінін айтады. Мысалы, оның репертуарында «Да­ла ірімшігі» күйі бар. Бұл  – ел мен халықты сүюге арналған өте әдемі әуен.

Университетті тәмам­да­ған соң Отанына орала­ты­нын айтқан ол, онда отбасын құ­рып, жұмыс істеп, қазақ мәде­ние­тін насихаттауды жоспарлап отыр. Богларка  Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға өз үле­сін қосуды жоспарлап отыр. Бірақ оның жүрегінде Қазақ­стан­ға деген сүйіспеншілік мәң­гі­лік өшпейтінін, болашақта ба­ла­ларын Түркістанға әкелуді ар­мандайтынын жеткізді. Көз ал­дында ежелгі қаланың өзгеріп, жаңа кейіпке енгеніне қуанады. «Бүгінде Түркістан  барлық қа­зақ­стандықтың мақтанышы, түр­кі әлемінің рухани астанасы» дейді ол.

Өткен жылдың соңында Бог­ларка қазақ мәде­ние­тін дамытуға қосқан үлесі үшін  Президент Қ. Тоқаевтың аты­нан алғысхат пен төс белгі ие­ленді. Сонымен бірге шетел­дік кейіпкеріміз Қазақстанда болған 5 жылында халықтық рә­сім­дерді көруге болатын түрлі ме­рекеге қатысып, салт-дәстүрі­міз­ге қаныққанын, үйлену той­ларына, бесікке және басқа да от­ба­сылық іс-шараларға шақы­рыл­ғанын айтады.  Оған қазақ­тың жаңа туған нәрестенің атын таңдағанда мағынасына үлкен мән беретіні ұнайды.

Біз қазақ мәдениетіне осын­ша ғашық қызға сүйсініп, ақ жол тіледік. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы