Қуандық Бишімбаевқа қатысты өтіп жатқан сот процесіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз оқырмандарына арнап жазба жариялады.
Бишімбаев сотындағы бұрымды прокурор желідегі парақшасында адамгершілік жайында сөз қозғады
1,070
оқылды

Қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова ел арасында танымал болып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда оның Instagram парақшасында 251 мың оқырман бар.

“Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парағым, менде TikTok жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым.”  деп жазды Аймағанова өз парақшасында.  

 Сонымен қатар ол қолдаулары үшін оқырмандарына алғысын білдірді.  

“...Болып жатқан істерге бейжәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы, жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол ұшын беріп көмектесейік,"  деп түйіндеді ол сөзін.