Бұл қылмысты ШҚО полициясы ашты.
ШҚО-да екі адам 94 миллион теңге ұрлаған
894
оқылды

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 5 сәуірде Өскемен полициясына ұрлық туралы хабар түскен,  деп жазады Aikyn.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 миллион теңгені ұрлап кеткен.

Күдіктілер қылмыс орнынан қашу жолын алдын ала дайындап, өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына өткені анықталды.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды. Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.