12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.
Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы жойылды
492
оқылды

Тінту барысында 25 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зертхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.