БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, соның 2 921-і Орал қаласындағы өзен жайылмаларында орналасқан.
БҚО-да 3 300-ге жуық саяжай үйі су астында қалды
580
оқылды

Облыс бойынша су тасқыны басталғаннан бері 13 777 адам эвакуацияланса, соның 5 717-сі – балалар, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Эвакуациялық пункттерде 2 314 адам тұрып жатса, соның 998-і – балалар. 11 463 адам туыстарына кеткен. 4 925 мал қауіпсіз жерге айдалды. Апаттық-құтқару жұмыстарына 10 519 адам, 1 784 техника, 212 су сору құралы, 164 қайық және 4 тікұшақ жұмылдырылған",  делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, Жайық өзенінің деңгейі Оралда 34 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шекке жақындады.