Мектеп директоры полиция басқармасына шағымданды.
Мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлады: полиция кінәлі әйелді жауапқа тартты
4,314
оқылды

Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды,  деп хабарлады Aikyn.kz.

WhatsApр чаттарда 27 жастағы әйел адамның «мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр» деген дыбыстық хабарламасы тараған. Мектеп директорының полицияға шағымынан соң, тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екені анықталды. Кінәлі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.