Қазақстан коронавирус бойынша аса қауіпті елдердің тізімін өзгертті
Қазақстан коронавирус бойынша аса қауіпті елдердің тізімін өзгертті
© Сурет ғаламтордан
226
оқылды
Қазақтан бас санитарлық дәрігері Жанбардек Бекшин коронавирус бойынша қолайсыз елдердің жаңа тізімін ұсынды. Қаулыда коронавирустық инфекцияның Қазақстан Республикасында таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 таралуы бойынша қауіпті елдердің сыныптамасына өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасына осы мемлекеттерден келген азаматтар бекітілген профилактикалық іс-шараларға (медициналық мекемелердегі 14 күндік карантин, үй медициналық бақылау және т.б.) сәйкес белгіленген тәртіп шараларына бағынуы тиіс. Бірінші А санатына ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея кіреді. Бірінші Б санатында тек Италия ғана қалды. Екінші категорияда Германия мен Испания бар. Үшінші санатқа Гонконг, ҚХР, Швеция, Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, САР кірді. Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.