Өңірдегі жағдай әлі де күрделі.
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді
625
оқылды

Таңертеңгі ақпарат бойынша,  Жайық өзенінің деңгейі 852 см құрады. Ол қауіпті деңгейден асып барады, - деп жазады Aikyn.kz. 

Облыстың төрт ауданында және Орал қаласында тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

«Өңірде 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 6 мыңға жуығы бала. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 10 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды», - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ алаңында өткен брифингте.