Атырау облысында шетелдік қызметкерге жергілікті жұмыскерге қарағанда 4,5 есе көп жалақы төлеген
Атырау облысында шетелдік қызметкерге жергілікті жұмыскерге қарағанда 4,5 есе көп жалақы төлеген
© Сурет ғаламтордан
298
оқылды
Атырау облысында еңбек инспекциясы 43 шетелдік және бірлескен компанияларды тексеріп, шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің еңбекақысындағы сәйкессіздіктің 109 фактісін анықтады. "Біз 43 шетелдік және бірлескен компанияларды тексердік. Шетелдік және қазақстандық жұмысшылар мен мамандардың бірдей жұмысы үшін алатын еңбекақыдағы сәйкессіздіктің 109 оқиғасы анықталды. Шетелдіктер өз міндетіндегі жұмыспен айналыспаған 160-тан астам оқиға ашылды. 364-тен астам әкімшілік іс рәсімделді, заң бұзушылықтарға жауаптылар 96 млн теңгеге айыппұл төлеуге тиіс", - деді Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров. Меминспектор мынадай мысал келтірді: компаниялардың бірінде қазақстандық 750 мың теңге көлемінде жалақы алды, ал осындай лауазымдағы шетелдік-3 млн 400 мың теңге. Өткен жылдың соңында Еңбек министрлігі мен Бас прокуратураның Атырау облысындағы тексерісі "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС – де жергілікті инженерге 568 теңге, ал шетелдік қызметкерге осыған ұқсас лауазымда 6500 теңге сағаттық тарифтік мөлшерлеме белгіленгенін анықтады.