Өңірдегі Сергеев су қоймасы 169% толған.
Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда жағдай тұрақтала бастады
Фото: almaty.tv
809
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстағы су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазір су қоймасы 169% толған. «Қазгидромет» СҚО филиалының хабарлауынша, өткен тәулікте су деңгейі тек 1 см-ге ғана көтерілген. 

Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген. 

Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен, Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. 

Петропавлға су әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге төмендеген.