«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша Абай облысының аудан мен ауыл-аймақтарында аумақты тазарту жұмысы жүріп, сенбіліктер басталды.
«Тазалық мәдениеті»: Абай облысында сенбілік өтті
679
оқылды

«Тазалық мәдениеті»: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Абай облысының Мақаншы ауданындағы «Айдынды-Алакөл» жағалауында бастау алды. Акцияға 11 ауылдық округтен және ауданның барлық мекемесінен 500-ден астам адам қатысып, 28 гектар аумақты тазартты. Нәтижесінде, жалпы 40 тонна қоқыс шығарылып, 5000 метрге жуық қоршау боялып, әктелді.

Туристік маусымға толық дайын болу үшін Айдынды-Алакөл жағалауында сенбіліктер мамыр айына дейін жалғаспақ. Сенбілікке қатысқан еңбек ардагері Нағима Жақиянова бірлесе істеген жұмыс халықты біріктіретінін айтты. 

–  Бірінші кезекте Мақаншы ауданы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін алды, соның арқасында біз осындай бастамаларды барынша тиімді ұйымдастырып, жүзеге асырып жатырмыз. Сенбілікке өскелең ұрпақ та, аға буын да қатысып, тазалық әр адамның үйінен басталатынын түсінді, – деді мәдениет қайраткері Айжарық Әбілқасымов.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны тазартуға Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысып, 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартты. Оған қоса, «Жасыл аймақ» апталығы өтіп, аудан орталығында ағаш отырғызылды.

–  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда тазалық жұмысынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей береміз! – дейді Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбуталипова. 

Ал тазалыққа байланысты Курчатов қаласында «Жасыл аймақ» апталығы өтті. Апталығының бірінші күнінде жастар мен мекемелер ұжымдары ғана емес, зейнет жасындағы ардагерлер де сенбілікке келгенін айтты. Курчатовтықтар көшелерді, скверлерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру барысында ағаш түптерін әктеу жұмысын жүргізді. Барлығы 42 ұйым мен кәсіпорын өкілдері техниканың күшімен қаланы 40 тонна қоқыстан тазартылды. 

– Жастарымыз өз елінің патриоттары ретінде апта сайын өтетін сенбілікке қатысып жатыр. Соның арқасында қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын жақсартып жатырмыз, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Айжан Мұсатаева.

Мемлекет көлемінде өтіп жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Абай ауданы халқы да белсенді қатысып жатыр. Аудан көлемінде тазалық жұмысы, абаттандыру, көркейту шаралары жүрді. Мысалы, Қарауыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды асфальттау және жарықтандырылды. 

– Қарауыл ауылында Мамай көшесі мен Тоқтамыс көшесін асфальттау жұмысы басталып, мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарда. Сонымен қатар Тоқтамыс көшесінде 73 жарық шамы орнатпақпыз, – дейді Қарауыл ауылдық округінің әкімі Ерік Дүйсенбеков.

Тазалық акциясының барысында Мұхтар Әуезовтің туған жеріндегі «Бөрілі» мұражайының аумағында да сенбілік өтіп, Қасқабұлақ ауылдық округінің тұрғындары, белсенді жастар мен мұражай қызметкерлері маңайды тазалап, ағаштарын әктеді. 

– Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында апта сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, тарихи және киелі орындар абаттандырып, қоқыстан тазартылды. Алдағы сенбіліктерде де осылай береке-бірлігімізді көрсетейік, – дейді аудан тұрғыны Құсман Берлешов.