Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
8 градус аяз: 23-25 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: iprofiles.ru
1,107
оқылды

"Қазгидромет" РМК 23-25 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп,  найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында  антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжануда.

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.