«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазбек Әлішов еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын сынға алып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
Депутат: Бір жыл бұрын салған жол жүруге жарамайды
1,083
оқылды

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1-қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Автокөлік жолдарының құрылысы мен сапасын сынға алған болатын. Бүгін Ақтөбе облысы аумағынан өтетін Самара-Шымкент республикалық тас жолының Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын аралығы аса қауіпті жол учаскесі болып табылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 648 ЖКО тіркелді. 748 адам зардап шекті, 118 адам қаза тапты, оның ішінде 15 балалар. Биыл ғана 97 ЖКО тіркелді, онда 148 адам зардап шекті, 28 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала. Мысалы 3-сәуірде Самара-Шымкент республикалық маңызы бар тас жолында Volvo жүк көлігі мен Toyota Alphard автокөлігі соқтығысып, салдарынан 8 Өзбекстан азаматы қайтыс болды. Ақтөбе облыстық прокуратурасымен 2024 жылдың 1-тоқсанында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖАО мен «Қазавтожол» АҚ Ақтөбе филиалының (бұдан әрі- Қазавтожол) жұмысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, биыл Қазавтожолға «Самара-Шымкент» трассасында (Хромтау ауданының аумағы) шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы 8 ұйғарым берілген. Қазавтожолдың жауабына сәйкес жол төсемінің ақаулары шұңқырларды жөндеу арқылы жойылды деп көрсетілген. Алайда көктемгі қарқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін әріптестерім А.Әлтай және А.Садықовпен бірге Әйтеке би ауданына барғанымызда былтырғы, яғни жөнделгеніне бір жыл болмаған жолдан түкте қалмағанына көзіміз жетті. Бұл жерде сұрақ қашаманғы миллиардтаған қаражатты шұңқырға көме береміз? Кім оған жауапты? 

Сондай-ақ, Көпірлер мен су өткізу құбырларының ақауларының нәтижесінде көктемгі қарғын су тасу кезінде Самара-Шымкент республикалық тас жолында бірнеше көпірлерді су шаю фактілері де орын алды. Облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, Ақтөбе-Мәртөк, Қарабұтақ-Т.Жүргенов, Қарабұтақ-Ырғыз тас жолдарында, қолда бар 78 көпір мен 847 су өткізу құбырларының 34 көпірі мен 274 су өткізу құбыры күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталған.

Көрсетілгендердің негізінде төмендегідей іс шараларды қабылауды сұраймын:

- республикалық бюджеттен Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын дереу жүргізу үшін қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру.

-  Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань автожолдарын кешенді зерттеу үшін комиссия жіберу; 

- Самара-Шымкент тас жолындағы көліктерді өткізу жүктемесін азайту мақсатында Орталық Қазақстан-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Бейнеу тас жолын салу мәселесін пысықтауды, – деді ол.