Павлодарда «AMANAT» партиясының мүшелері жедел медициналық көмек қосалқы стансасын күрделі жөндеу барысымен танысты.
Жергілікті мердігерлермен жұмыс істеу оңай
1,190
оқылды

«AMANAT» партиясы облыстық және қалалық депутаттық фракциясы­ның мүшелері Света Абдраманова, Қанат Сатабаев, Виктор Пряхин көшпелі мо­ниторинг шеңберінде облыстық жедел медициналық жәрдем стан­сасының №2 қосалқы стансасына күрделі жөндеу барысымен танысты. 

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Канадан Ахметжанов жергілікті мердігерлік ұйыммен шарт ақпан айының соңында жасалғанын айтты. Қазір бөлшектеу, электр жұмыстары, ауа өткізгіштерді монтаждау жүргізілді, қабырғалар мен төбелерді тегістеу, жылыту, жаңа шатырды монтаждау, желдету, қасбетті безендіру және т. б. жұмыстар жүзеге асуда.  

«№2 қосалқы стансада 7-8 жедел жәрдем бригадасы қаланың бүкіл оңтүстік өнеркәсіптік аймақ бөлігінен А.Шөкин көшесіне дейін қосып ал­ғанда Усолка және Саяжай шағынаудандарына қызмет көрсетеді. Құры­лыс көлемі 50%-ға аяқталды. Жұмыстар уақытында және сапалы жүр­гі­зілу­де», – деп атап өтті жедел жәрдем бас дәрігері.  

Мониторинг тобының мүшелері жергілікті мердігерлермен жұмыс істеу ке­зінде тапсырыс берушілерде проблемалық жағдайлар іс жүзінде туын­дамайтынына ерекше назар аудара отырып, құрылысшылардың жұмысын оң бағалады.

Берік БЕК