Журналист бұл туралы Telegram арнасында жазды.
Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев сотына не үшін қатысқанын айтты
Фото: Жоғарғы сот
1,476
оқылды

Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев сотына қатысқаны жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Журналист бұл туралы Telegram арнасында жазды. Ол тәуелсіз журналист ретінде осы істі басынан бақылап, көлемді материал дайындап жатқанын жеткізді.

«Бүгін қазақстандық және ресейлік БАҚ экс-министр Бишімбаевтың сотындағы маған берілген «артықшылық» туралы жазды. Сотта Собчак отырды, қалған журналистер тұрып тамашалады деген сөз айтылып жатыр. Достар, біз бұл тақырыппен көптен бері айналысып келеміз. Алғашқы күннен бастап Салтанаттың қазасы туралы жазып жатырмыз. Бұл туралы үлкен сюжет түсіріп жатырмыз және тәуелсіз журналист ретінде процесті жариялап жатырмыз, ешкіммен байланысымыз жоқ. Бізді сотқа қорғаушы немесе айыптаушы тарап шақырған жоқ. Мен Жоғарғы Сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өттім. Менің командам оның баспасөз хатшысымен байланыста болды. Олар бізді қайда отырғызды, сол жерге жайғастық», –  деді Ксения Собчак.

Журналист өзі қатысқан сот отырысы туралы міндетті түрде баяндайтынын атап өткен.

Айта кетейік, ресейлік журналист Ксения Собчак әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысына қатысты.