Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
535
оқылды

Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдіктіні экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен», – делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан соң күдікті жасырынып, оған халықаралық iздеу жарияланған. 

«Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды», – деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмысты жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.