Тұрғынның айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да, қайтпаған.
Кентаулық полицейлер жоғалған екі кішкентай баланы ұйықтап жатқан жерінен тапты
864
оқылды

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, үш және жеті жасар ұлдарын таба алмай жатқанын, көмек беруін сұраған. Тұрғынның айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да, қайтпаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Жақындары бірнеше сағат өздері іздеп таба алмаған. Оқиға кәмелет жасына толмаған балалардың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, кентаулық полиция қызметкерлері іздеу шараларына жұмылдырылды. Полиция бірден олардың баруы мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Аулаларды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды.
 
Жоғалған ағайындылар таңғы сағат 05:30-да оқиға орнынан бір шақырым қашықтық шамасындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы орындықта ұйықтап жатқан жерінен табылды.