Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады.
Найзағай ойнап, жел соғады: синоптиктер еліміздің барлық өңіріне ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
1,257
оқылды

«Қазгидромет» ертең, 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі бар. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. 

Алматыда күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады. 

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. 

Түркістан облысының батысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.