Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Танымал блогер тоғыз баласы бар жалғызбасты анаға үй сыйлады
Фото: видеодан кадр
4,940
оқылды

Белгілі блогер Мереке Қалбаева көпбалалы жалғызбасты анаға баспана сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, жалғызбасты ананың 9 баласы бар.

«Күшті жаңалығым бар. Алла разы болсын! Бүгінгі күннің ең күшті жаңалығы – бұйыртса, 9 баланың анасына үй аламыз. Бір миллион жетпей тұр, кейбір блогерлер мені лақтырды, бірақ қайырлысы, ол миллион теңгені күйеуімнен алдым. Барлығы Алла разылығы үшін, бәрі өзіміз үшін. Садақа деген адамның жолын ашатын, бүкіл арманның орындалуына себепші болатын нәрсе. Оны да бере алатын адам ғана береді екен ғой. Барша атсалысқан адамдарға Алла разы болсын!», – дейді ол.