Аталған дерек арнайы тексеру жұмыстары нәтижесінде белгілі болды.
Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар анықталды
1,236
оқылды

Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында орналасқан өндіріс обьектілеріне тексеріс жасады.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде заңсыз жұмыс істеуші 38 Тәжікстан Республикасының, 12 Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталды.

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.