Мамандардың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
2,347
оқылды

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі 24 сәуір сағат 8:00-дегі жағдайды баяндады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жайық өзенінде өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі өзгерді:     

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см, деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см, тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см құрайды. 

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 422 см, тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.

«24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды», – делінген хабарламада.