Ақтөбеде сағат 14:00-де Есет батыр шағынауданындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды.
"Хат жазып қалдырған": Ақтөбеде жасөспірім қыз көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті
1,827
оқылды

Ақтөбеде жасөспірім қыз суицид жасады, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ақтөбеде сағат 14:00-де Есет батыр шағынауданындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

«Алдын ала тергеу барысында қыздың көпқабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Ол өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.