Жарыссөз 29 сәуірде басталады.
Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: жарыссөз басталады
896
оқылды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Жарыссөз 29 сәуірде басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

"Қинау бабы бойынша тағылған айыпты толық мойындамаймын. Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылған екінші эпизодтың бір бөлігі – Нүкенованың өліміне әкеп соққан соққы жасағанымды мойындаймын. Бірақ мұны әдейі жасады, оның өлгенін қалады және оны қатыгездікпен жасады дегенді мойындамаймын", – деді Бишімбаев.

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.