Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 25 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
1,078
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 25 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады, найзағай мен жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбырмен бұршақ жауады, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының орталығында  және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында  жоғары өрт қаупі күтіледі.