Ол бағалай білгенге отбасы нағыз бақыт екенін жеткізді.
Ләйла Сұлтанқызы Бишімбаев ісінен кейін тұрмысқа шығуға қорқатын қыздар көбейіп кеткенін айтты
Фото: Instagram/sultankyzy
3,023
оқылды

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы Бишімбаев ісінен кейін тұрмысқа шығудан қорқатын қыздардың қатары көбейгенін айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тележүргізуші жастармен тілдесе келе, олардың түрлі себеппен тұрмысқа шығуға жүрексінетінін байқаған. Ол бағалай білгенге отбасы нағыз бақыт екенін жеткізді.

«Боянып отырғанмын. Есік ашылып, «мен күйеуге шықпаймын» деген сөздермен бір қызым (командамыздың мүшесі) кіріп келді. Мені бояп тұрған визажист те «мен де қорқамын шығуға» деп қостай кетті. Соңғы кездері жастардан бұл пікірді жиі естимін. Себебін сұрасам: «Эмоцияның адамы бірінші істеп алып, кейін ойланады. Сондайда ұрып жіберсе ше?», «Сөзге келіп қалудан қорқамын…» «Изменять» етсе ше?», «Менің сөзіммен санаспай, өзінікін жасай берсе?» «Ата-енем қатал болса…?», «Баламен ешқайда шығармай, үйде отырғызып қойса?» деп жалғастыра берді. Аргументтері жетеді енді. Енді мені, «неге тұрмыс құруды бақытсыздықпен тең көретіндер көбейіп кетті?» деген ой мазалауда. Бес саусақ бірдей емес. Күйеудің бәрі Бишімбаев сияқты деген сөз де емес. Білесіз бе, отбасы деген нағыз бақыт, бағалай білген адамға. Ішінде екі адамның бір-біріне деген қамқорлығы, мейірім, төзім, жақсы көру, сыйластық, бірігу, талпыну, армандау, мақсатқа жету сияқты қанша эмоция, іс-әрекет жатыр. Қыздардың бұл ойы мені қатты алаңдатады. Мені 72,5% қыз-келіншектер оқиды. Арасында 16-20 жасар қыздар да бар. Айтыңыздаршы, қазіргі қыздар тұрмыс құрудан неге қашады?» -  дейді Ләйла Сұлтанқызы.