Өнер иесі әңгіме барысында қарындасы жайлы естелігін бөлісті.
«Алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым»: әнші Өктем Алтаев өміріндегі қиын кезең туралы айтты
2,550
оқылды

Әнші, сазгер Өктем Алтаев «Алғашқы» бағдарламасында отбасылық өмірі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі әңгіме барысында қарындасы жайлы естелігін бөлісті. Оның өмірден өткені әншінің жанына қатты батқан.  Әнші қарындасының ерекше қыз болғанын атап өтті.

«Қарындастың қайтқаны қиын болады екен. Өзі небәрі 23-те, тұрмысқа жаңадан шыққан. Албырт шағы ғой. Жол апатына түсіп, өмірден өтті. «Бармай-ақ қойшы» деп қанша айтсақ та, бетімізден қайта-қайта сүйіп қоштасты. Олай менің бетімді ешқашан сүймеуші еді. Көзімізді ала бере көлігімен жолға шығып кеткен. Бір уақта қатты шашалып, ауа жетпей кетті. Су ішсем де, не істесем де шашалғанымды тоқтата алмадым. Жөтелге айналды. Сол сәтте «Қарындасыңыз жол апатына түсіпті» деген хабар келді. Барсақ ақ матаға оралып жатыр екен. Мәйітханаға алып кетті. Қазақта «өлер бала өзгеше болады» деген сөз бар. Меруерт шынында да ерекше қыз еді. Балаларымызға қарап, біз концертте, той-жиында жүргенде бәріне өзі бас-көз боп отыратын. Әлі күнге дейін Меруертті еске алғанда бала-шағам, бәріміз жылап қаламыз. Сол кезде алғаш рет ішім ашып, өкіріп жыладым. Ішқұса боп, депрессияға түсіп кеттім. Дауысым шықпай қалды. Ән айтуға шамам келмеді», - деп еске алды әнші.