Атырау облысының полиция департаменті 25 сәуірде екі бала қаза тапқан пәтерге өрт қойылғанын хабарлады.
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты
instagram/atyrau_tjd
947
оқылды

Ведомствоның мәліметінше, полицейлер өрт қойған күдіктіні ұстаған, деп жазады Aikyn.kz.

"Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты. Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті Оралға бара жатқан жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Күдіктінің үстінен "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозағалды. Ол бұл баптың санкциялары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.