Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді
1,050
оқылды

26 сәуірде, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады. 

Сонымен қатар, отырысқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.