Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
© Сурет ғаламтордан
266
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. "Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, тұман, көктайғақ) "Өскемен-Майқапшағай" (915-1087 км, Қалбатау-Боғас а. бұрылысы), "Өскемен-Тарғын-Самар" (88-145 км, Тайынты-Самар а.), "Аягөз-Қарауыл-"Семей-Қайнар" (0-100 км) а/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.); "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары" (7-166 км, Ушановское ауылы-Алтай қаласы) а/ж бір учаскесінде жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада. Ведомствоның ақпараты бойынша, Қостанай облысында "Қостанай-Введенка" (45-97 км, Александровка-Введенка ауылы), "Қарасу-Большая Чураковка" (0-114) екі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. "Солтүстік Қазақстан облысында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды, оның ішінде: "Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" (0-228 км, Булаево-Рощинское), "Рощинское-Корнеевка - Волошинка" (0-86 км, Рощинское-Волошинка), "Волошинка - Сергеевка-Тимирязев" (0-119 км, Волошинка-Тимирязев), "Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы" (0-119 км, Волошинка-Тимирязев)," Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы "(0-119 км, " (0-32 км, Тимирязев - Сарыкөл-Қостанай обл.шекарасы)", - деп жазылған хабарламада. Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Ленинский-Ертіс-Русская Поляна» ( 0-278 км, Ленинский ауылы-Ресей Федерациясының шекарасы) учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.