Жылыой ауданында 2920 үй және 19 көппәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен.
Жылыой ауданында 3591 тұрғын бір жолғы материалдық көмек алды
988
оқылды

Атырау облысындағы Жылыой ауданында үш мыңға жуық үй тасқыннан зардап шеккен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде Қоғамдық штаб жанында жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беріп жатыр.

– Суға кеткен үйлердің ішінде екінші деңгейлі банктерде кепілдікте тұрған үйлер, құжаты жоқ үйлер де бар. Біз қазір осындай үйлерге де бағалау жүргізу бойынша кеңес беріп, тұрғындарға бағыт көрсетудеміз, – деді Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

26 сәуір күнгі ақпаратқа сәйкес, Жылыой ауданында 2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен.

25 сәуір күнгі мәліметке бойынша, тасқыннан зардап шеккен 3591 тұрғын 100 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек алды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы