Есірткі зертханасын ұйымдастырған ер адам 11 жылға сотталды.
Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды
630
оқылды

Ақмола облысының тұрғыны есірткі зертханасын құрғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, «Х» есімді әлдебір азамат куратордың нұсқауын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыру мақсатында жеке үй тапқан. 

«Аталған зертханада тінту жүргізу барысында салмағы 33 кг-нан асатын психотроптық заттар, салмағы 31 кг-нан асатын химиялық сұйықтықтар, ыдыстарға оралған құрылғылар, зертханалық аспаптар және психотроптық заттардың аналогтары табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Х» азаматын қылмыстың құралы болып табылатын автокөлік пен жеке үйін тәркілеп, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілері анықталғаны туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.