72 жастағы азамат 20 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Өскеменде із-түзсіз жоғалған қарттың денесі табылды
736
оқылды

Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 сәуірде Ертіс полиция бөліміне хабарласқан әйел қайынағасы жоғалып кеткенін жеткізді.

72 жастағы азамат 20 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз болды.

«Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады. Тек 3 күн өткеннен кейін Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінде қарт адамның денесі табылғаны жайлы хабар түсті. Бұл жоғалған зейнеткер болып шықты. Оның денесінен көгерген іздер байқалмады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.