Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда.
Жайық пен Есілде су деңгейі көтерілді
1,615
оқылды

Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлеріне көмекке барған Төтенше жағдай, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда. Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда», – деді А.Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жайық өзені бойында су тасқынын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін броньнан шығарылған жылжымалы сорғы станцияларын қолдану арқылы су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 633 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.