Қазіргі кезде аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
"Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген": Оралда өз пәтерінен әйел өлі табылды
Фото: polisia.kz
1,004
оқылды

Орал қаласында өзінің пәтерінен әйел адамның мүрдесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 сәуір күні болды.

«Қазіргі кезде аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Қала тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм әйел мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.