Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады.
Тиімді ынтымақтастық нығайып келеді
1,496
оқылды

Президент Қазақстанға ресми са­пармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс ми­нистрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, дос­тық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты ны­ғайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қа­зақ-қытай байланыстары жоғары дең­гейде екеніне, яғни арада мәң­­гілік әрі жан-жақты стра­те­гия­лық серіктестік орнағанына на­­зар аударды. Мемлекет бас­шы­сы­ның пікірінше, көпжақты құ­ры­лымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және ха­лы­қаралық қауіп­сіздіктің негізгі мәселелеріне қа­тысты көзқарас­тары ұқсас.

– Біз Біріккен Ұлттар Ұйы­мы, Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы, Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жө­нін­дегі кеңес шеңберінде кон­струк­тивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау біл­ді­ріп келеміз. Сондай-ақ Қытай­дың дүниежүзілік дамуға, жаһан­дық қауіпсіздік пен өркениетке қа­тыс­ты ұсынған бастамаларын жо­­ғары ба­ғалаймыз әрі қол­дай­мыз. Бұл бас­тамалар әлемдегі қауіп­сіздіктің қа­зіргі жүйесін ны­ғайтуға оң үлес қо­сады деп са­най­мын, – деді Пре­зидент.

ҚХР Қорғаныс ми­нистрі Дун Цзюнь қонақжай­лық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қор­ғаныс ми­нистр­лерінің кеңесі жоғары дең­гейде өткенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында та­рап­тар бітімгерлік, білім және әс­ке­ри-техника салаларындағы ын­­­тымақтастықты дамытуға ниет­­ті еке­нін жеткізді.