Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат ресми сапармен Қытайға барды.
Серіктестікке серпін берген сапар
фото: Жаслан ЖҰМАБЕКОВ
1,493
оқылды

Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті. 

Қытай Халық Республикасы Бү­кілқытайлық халық өкілдері жи­налысы Тұрақты комитетінің тө­рағасы Чжао Лэцзимен кез­десу­де тараптар парламентаралық диа­логтан бастап екі ел ара­сын­да­ғы экономикалық және мәдени ын­тымақтастыққа дейінгі көпте­ген мәселені талқылады.

– Соңғы екі жыл Қазақстан мен Қытай тарихындағы маңызды ке­зең болды. Мемлекет бас­шы­ла­ры­мыздың күш-жігерінің арқа­сында ол жаңа деңгейге көтерілді. Біз­дің парламенттер арасындағы өзара ынтымақтастық көш­бас­шы­ларымыздың қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыруға бағытталуға тиіс. Бұл ресми са­па­ры­мыз парламентаралық бай­ла­ныс­тарды жан-жақты нығайтуға жақ­сы мүмкіндік береді, – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс Спикері Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен жүргізіліп жат­қан жүйелі өзгерістер туралы, сондай-ақ Мәжілістің қазіргі қызметі жайлы айтып берді.

Қазақстан депутаттары қы­тай­лық әріптестерінің тәжірибесіне, со­ның ішінде жасанды интеллек­тіні қолдану және төтенше жағ­­дай­ларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығу­шылық танытты. 

Чжао Лэцзи пар­ла­ментаралық ынтымақтастық Қы­тай мен Қа­зақ­стан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріп­тестіктің маңызды бөлігі еке­ніне тоқталды. Сондай-ақ ол Мә­жіліс Төраға­сы­ның бұл сапары екі­­­­жақты ын­ты­мақ­тастыққа тың сер­пін бере­ті­ні­не сенім білдірді. Та­раптар был­­­тырғы жылдың қа­ра­ша айында визасыз режим ен­гі­зілген сәттен бастап жә­не Қа­зақ­станның Қытайдағы туризм жы­лының өткізілуіне байланысты екі ел азаматтарының өзара сапар­ларының айтарлықтай артқанын атап өтті. Олар мұны үлкен дипло­ма­тиялық жетістік деп атады.

Кездесу барысында спикерлер мә­дениет, білім беру салаларында да серіктестікті арттыру және екі ел­дің астаналарында мәдени ор­та­лықтарының тезірек ашылуы­на мүдделілік танытты.

Кездесу соңында Мәжіліс Спи­ке­рі әріптесін Қазақстанға рес­ми са­пармен келуге шақырды. 

Сондай-ақ Ерлан Қошанов Қы­тай Халық Республикасының Ха­лықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық коми­те­ті­нің төрағасы Ван Хунинмен кез­дес­ті. Танымал қытай саясаткері Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың реформаларына жоғары баға бе­ріп, Қытай инновация мен цифр­лан­­дыру саласы бойынша әріп­тес­тікке дайын екенін мәлімдеді.

– Қытайдың Қазақстанның ұлт­тық даму жолын қолдауға, оның елдің егемендігін, тәуел­сіз­ді­гін, қауіпсіздігін, аумақтық тұ­тас­тығын қорғауға бағытталған күш-жігерін қолдайтындығын рас­таймын. Біз Президент Тоқаев­тың басшылығымен Жаңа Қа­зақ­стан құру жөніндегі стратегиялық мақ­саттың орындалатынына се­німдіміз. Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне тың серпін бе­ретін өзара тиімді ынтымақ­тас­тыққа мүдделіміз. Қытай тарапы елі­ңізге сенімді тірек болуға дайын, – деді Ван Хунин. 

Қытай тарапы Қазақстанның жаһан­дық ықпалының өсуін және оның халықаралық аренада дауыс беру құқығын арттыруды қалайды.

– Президент Тоқаев 2029 жыл­ға қарай ішкі жалпы өнімді екі есе арт­тыруды стратегиялық мақсат етіп қойды. Осы мақсатқа жетуде қа­зақстандық әріптестерімізді қол­даймыз. Сондықтан екі елдің даму стратегияларын үйлестіріп, сая­си байланыстарды нығайту маңызды, – деді қытайлық сая­сат­кер. 

Ван Хунин жуық арада Қазақ­стан Парламенті қабылдаған «Ұлт­т­ық қор – балаларға» заңы­ның іс­ке асырылу барысына қызығу­шы­лық танытты. 

Ерлан Қошанов Пре­зидент жариялаған эконо­ми­калық өз­герістер Қытаймен инф­ра­құры­лымды жаңғырту, өн­діріс­ті, банк ісін дамыту және жаңа ин­вес­ти­циялар тарту мәселелері бойынша жаңа мүмкіндіктерге жол аша­тынын айтты.

Қытай Халық Республикасы Төра­ғасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесуде екі жақты эко­номикалық ынтымақтастық­тың қарқыны жоғары екені ай­тыл­ды. 

– Сіз Қазақстан–Қытай ын­ты­мақтастық комитетін табысты бас­қардыңыз және елдеріміздің дос­тық әлеуетін жақсы білесіз. Қа­зір энергетика, автокөлік құ­рас­­тыру, логистика, электрон­дық сауда салаларында бірқатар сер­пінді жоба іске асырылуда. Екі ел арасындағы өзара тауар айна­лы­мы тарихтағы ең жоғары дең­гей­ге – 41 миллиард АҚШ дол­ла­ры­­­­на жетті. Мұның барлығы қыс­­қа уақыт ішінде ауқымды мақ­­саттар қойып, орта мерзімде сау­да-сат­тықты еселеп арттыруға мүм­кін­дік береді, – деді Мәжіліс Төра­ғасы.

ҚХР Төрағасының орын­ба­сары, дипломатиялық қа­рым-қатынас орнаған 30 жыл ішін­де елдеріміз тату көрші, жақ­сы дос, сенімді серіктеске айнал­ға­нына және алдағы жаңа алтын 30 жылдықта Қытай мен Қазақ­стан бар күш жігерін көш­бас­шы­ла­рымыздың келісімдерін іске асы­руға бағытталуы керектігіне мән берді. 

– Біз ынтымақтастығымызды ин­новациялар есебінен де ілге­рі­летуіміз керек. Баламалы энергия, трансшекаралық электронды сауда, спутниктік телекоммуни­ка­ция сынды жаңа салаларда бай­ланыстарымызды тереңдету қа­жет, – деді Хан Чжэн. 

Бұдан бөлек, делегация мү­ше­­ле­рі SANY Group ма­ши­на жасау кә­сіпорнының ты­ныс-тіршілігімен таныс­ты. Бұл – құрылыс және арнайы техника көліктерін шығаратын және сататын әлемдік рейтингтегі төртінші компания.  

Мәжіліс делегациясының рес­ми сапары келесі күні Шың­жаң–Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында жал­ғас­ты. Онда Қытай Халық Респуб­ли­касының Шыңжаң–Ұйғыр ав­тономиялық ауданы Қытай ком­­­мунистік партия комитетінің хат­шысы Ма Синжуймен кездесті. 

Тараптар екіжақты, соның ішін­де өңіраралық ынтымақтас­тық­тың жай-күйі мен келешегін талқылады.

– Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң–Ұйғыр автономиялық ауданында болды. Одан кейін Сіз Қазақстанға жұ­мыс сапарымен келдіңіз. Бұл оқи­ғалар Шыңжаң мен Қазақстанның шы­ғыс облыстары арасындағы өңі­раралық байланыстарға тың сер­пін берді. 1 783 шақырымға со­зыл­ған ортақ шекарамыз бар. Оған қоса, осы Шыңжаң аумағын­да біздің 1,6 миллионнан астам қан­дасымыз, қазақ бауырымыз тұра­ды. Олар Қазақстан мен Қы­тай арасындағы «алтын көпірге» айналды, – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс Төрағасы Шыңжаң Қазақстан үшін достас Қытайға жол ашатынын және екі ел ара­сын­дағы мәңгілік жан-жақты стра­­­тегиялық әріптестікті нығай­тудағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ ол екі елдің депутаттары өзара келісімдер мен уағдаластықтардың орындалу сапасын жүйелі түрде бақылай ала­тынын атап өтті.

Басқосуда сауда-экономи­ка­лық саладағы ынтымақтастық мә­селелері де қозғалды.

– Қазақстанның Қытаймен сау­да-саттығының жартысынан ас­тамы Шыңжаң–Ұйғыр автоно­мия­лық ауданына тиесілі. Өсу қар­қыны көңіл қуантады. Бұған был­тыр қараша айында енгізілген ви­за­сыз режим оң әсер еткені сөз­с­із. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы­мен Үрімжі қаласында QazTrade сау­да өкілдігі ашылады. Оның қыз­меті екі ел арасында іскерлік бай­­ланыстарды нығайтуға бағыт­та­лады, – деді Ерлан Қошанов.

Тараптар Қазақстан аумағында электронды сауданы дамыту үшін бір­лескен өңірлік қойма инф­ра­құры­лымын құру идеясын да тал­қы­лады. Сондай-ақ көлік-логис­ти­ка, ауыл шаруашылығы, транс­­шекаралық су ресурстары және туризм салаларындағы ын­ты­мақтастық мәселелеріне ерек­ше назар аударылды.

Ма Синьжуй Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың Шың­жаң–Ұйғыр автономиялық ау­да­нына жасаған сапарының маңыз­ды­лығына тоқталды. Сон­дай-ақ ол Қазақстан Қытайдың «Бір бел­деу, бір жол» жаһандық бас­та­масын жүзеге асырудағы не­гізгі стра­тегиялық серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір Шың­­жаңның Қазақстан өңір­лері­мен ынтымақтастығы бұрын-соң­ды болмаған тарихи деңгейге жет­­ті. Жақын арада «Аягөз–Тачэн» үшін­ші теміржол шекара өт­ке­лінің құрылысы басталады. Те­міржол Шыңжаң мен Қазақ­стан­ның шекаралас облыстары­мен байла­нысын одан әрі кеңей­тіп, Қытай­дың Орталық Азияға ал­тын қақпа­сы ретіндегі рөлін ны­ғайтады.

– Қазақстан реформаларды жүйелі түрде жүргізуде. Біз сіздер үшін қуаныштымыз. Президент Қ.Тоқаев бастаған реформалар өз же­місін береді деп сенеміз. 2029 жыл­ға қарай Қазақстан эконо­ми­касының өсуі қарапайым азамат­тар­дың өміріне екі есе оң әсер ете­рі сөзсіз. Бұл жерде Қытай мен Қа­зақстанның әлеуеті бір-бірін толықтыратыны маңыз­ды. Біздің энергетика, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық са­лада болаша­ғы­мыз зор, – деді Ма Синьжуй.

Сапар барысында Мәжіліс де­легациясы Қытайдағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын өн­діру­ші Xinjiang Xinyan компания­сы­ның қызметімен танысты. 

Гүлім МҰҚАНАТТЕГІ