Екі күнде Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады.
33 жыл бұрын Ыстықкөлде қыз зорлаған ер адам Павлодарда ұсталды
822
оқылды

Олардың арасында 30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында қыз зорлаған ер адам облыс орталығында (Павлодарда) ұсталды", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ ол Павлодарда қарақшылық жасап, жасырынып жүрген күдіктінің де ұсталғанын жеткізді.

"Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қазақстанда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды", – делінген хабарламада.