Көпшілік, әсіресе, кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер күнді кофемен бастауды жөн көреді.
Кофені қай уақытта ішкен дұрыс?
835
оқылды

Алайда бұл дұрыс емес болып шықты. Маман бірінші кофені оянғаннан кейін бірден ішуге болмайтынын айтты. Ұлыбританиялық сомнолог Рекс Исап кофеге қатысты маңызды кеңес берді, – деп хабарлайды

Исаптың айтуынша, оянғаннан кейін кофе ішу үшін кем дегенде бір сағат күту керек.

"Оянған кезде кортизол деңгейі ең жоғары деңгейде тұрады. Күйзеліске байланысты кортизол мазасыздықты күшейтеді", – деп жазды оның сөзін Massaget.kz  тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін кофеге сүт қату неліктен дұрыс емес екені айтылды. Мұның себебін нейробиолог Роберт Лав түсіндірді.

"Егер кофенің барлық пайдасын сіңіргіңіз келсе, ешқашан кофеге сүт өнімдерін қосып ішпеңіз. Әрине, сүт пен кілегей кофемен жақсы үйлеседі. Бірақ сүт өнімдерін кофеге қосқан кезде оның пайдасы айтарлықтай азаяды", – деді Роберт Лав.

Кофе – полифенолдардың тамаша көзі. Ол – кейбір қатерлі ісіктердің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің және нейродегенеративті аурулардың дамуынан қорғайтын қосылыс. Кофеге сүт немесе кілегей қосқанда, ақуыз кофедегі полифенолдармен байланысып, олардың ағзада сіңуін тежейді, салдарынан олардың бірегей антиоксиданттық қасиетінің пайдасы азаяды.